Осы тақырыпта 6 "ә" класс тәрбиешісі Л. Тажбенова тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен таныстыру, төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру. Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы іс-әрекеттерді реттеуге үйрету; экономикалық терминдермен таныстыру, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Оқушылардың бойына елімізге ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты сіңірту, үнемділікке, барды қадірлеуге баулу, ақпараттық жүйелерді пайдалануды үйрету, тілді құрметтеуге баулу.
Сабақ барысында оқушыларға ұлттық валютаның маңызы және 15 қараша - Ұлттық валюта күні - теңгенің мәні туралы айтылды. Бұл күннің барлық қазақстандықтар үшін неліктен маңызды екені және валюта жүйесінің ел экономикасын дамытудағы рөлі түсіндірілді.
Қазақстан валютасының тарихы: яғни, оның 1993 жылы енгізілуі, монеталар мен банкноталардың дизайнының ерекшеліктері, сондай-ақ теңгенің елдің экономикалық дамуына қосқан үлесі туралы әңгіме жүргізілді. Балалар монеталар мен банкноталармен танысып, олардың символикасы, ерекшеліктері мен қауіпсіздігі туралы ақпарат алды.
https://sch.edu.kz/kz/247/928-te-ge-t-uelsizdik-kelbeti.html#sigFreeId80feba8f10