07.11.2024 күні жоғары буын оқушылары мен колледж студенттеріне "Судың да сұрауы бар" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Қазіргі ғаламдық мәселеге айналып келе жатқан су қорының азаюы бойынша оқушылар мен студенттерге мәліметтер түсіндіріліп, тақырыпқа байланысты суреттер көрсетілді. Студенттер ауыз суды шамадан тыс пайдаланудың зардабы туралы түсініп, қойылған сұрақтарға өз бетінше жауап берді.