6"ә" класында "Халықаралық көмекке шақыру белгілері" атты қауіпсіздік сабағы өтті.
Сабақтың мақсаты:
- Қауіпсіздік шаралары мен халықаралық көмекке шақыру белгілері туралы оқушыларға түсінік беру,
- Төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру,
- Дағдарыс кезеңдерінде өзара көмек көрсету мен халықаралық ұйымдардың рөлі туралы ақпараттандыру.
Сабақ барысында оқушыларға халықаралық көмекке шақыру белгілері мен оларды пайдалану қажеттілігі туралы жалпы түсінік беріліп, халықаралық деңгейде қабылданған белгілер (мысалы, апат аймақтарын белгілеу үшін қолданылатын символдар, көмек сұрау мақсатындағы арнайы белгілер) таныстырылды. Осы белгілердің маңызы мен қолданылу тәртібі түсіндірілді.
Сабақты қорытындылай келе, балалар өздерінің алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы бекітті. Сабақтың барысында оқушылардың қауіпсіздік мәдениеті мен төтенше жағдайларға дайындық деңгейі артты.
https://sch.edu.kz/kz/247/926-khaly-araly-k-mekke-sha-yru-belgileri-atty-auipsizdik-saba-y.html#sigFreeId9d1180a2ee