“Феминизм” тақырыбында 7 - 10 сынып және колледж қыз балаларына арналған жиналыс өткізілді. Бұл шара феминизм туралы ақпарат бере отырып ой өрістерін кеңейту, қоғамдағы әйел мен ер адамның теңдігін және әйел адамның өзіндік әлеуметтік рөлін түсіндіру, жалпы қоғамда болып жатқан жаңа көзқарастар мен түсініктерді таныстыра отырып, талдау мақсатында ұйымдастырылды.

Жиналыс барысында ұстаздар қатысушыларға феминизмнің тарихы мен оның қазіргі қоғамдағы рөлі туралы ақпарат беріп, оның тек әйелдердің ғана емес, барлық адамдардың құқықтарын қорғауға бағытталған қозғалыс екенін атап өтті. Қыз балаларға феминизмнің әртүрлі бағыттары мен олардың қоғамдағы әсері туралы түсінік берілді.