Республика күні - көпұлтты халықтың бірлігінің, әрқайсымыздың туған жерімізге деген шынайы сүйіспеншілігіміздің белгісі. Біздің міндетіміз – тәуелсіздігіміздің негізі болып саналатын айтулы мерекені жан - жақты, мәні мен мазмұнына тоқтала отырып, кеңінен атап өту. Республика күні қарсаңында Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп - интернат - колледж» кешенінде түрлі шаралар ұйымдастырылды. Солардың қорытындысы ретінде 24 қазан күні “Еңсесі биік егемен ел” атты мерекелік шара өтті. Аталған концерт Республика күнінің мәртебесін арттырып, мерекенің тарихи маңыздылығын көрсетті.