20.10.2024 ж бастауыш буын оқушыларымен «Күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік» тақырыбында сабақ өткізілді.
Мақсаты: Балалардың үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету.
Сабақ барысында оқушыларға күзгі уақытта жолда қауіпсіз жүріп - тұру ережелері (жолдағы қауіпсіздік, көлік қозғалыс ережелері, жолда сақ болу), табиғаттағы қауіпсіздік (орманға шығу, су айдындарында қауіпсіздік, отты дұрыс пайдалану),
Үйдегі қауіпсіздік (электр құралдарын пайдалану, жылыту құрылғыларымен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары),
Күзгі ауа райында (жаңбыр, салқын, тұман) қауіпсіз жүру ережелері түсіндірілді.
Сабақ қызықты әңгімелесу, бейнемазмұндар, презентациялар және практикалық жаттығулар арқылы өтті, бұл оқушыларға қажетті ақпаратты жеңіл және тиімді түрде жеткізуге мүмкіндік берді.
https://sch.edu.kz/kz/247/911-k-zgi-demalys-kezindegi-auipsizdik.html#sigFreeId5b8ac7d938