17 қазан күні “мектеп - интернат - колледж” кешеніне Қазақстан Республикасының дизайнер клубының мүшесі, суретші дизайнер Алиманова Гауһар Жалғасбайқызы балаларға жастық жасаудан шебер - класс өткізді. Гауһар Жалғасбайқызы өзі дайындап әкелген жастық тыстарға акрил бояуларымен ұнаған суреттерін бейнелеу жолдарын үйретті. Балаларға дизайнер жұмысы қатты ұнады ,суретті дайын тыстарға балалар өздері бейнелеп, ішіне мақта мен синтепонын салып тәрбиешілердің көмегімен тігіп жұмыстарын аяқтады. Орта буын оқушыларына шеберлік сағаты ұнады,қызыға,белсенді жұмыс жасады. Балалардың өз қолдарымен дайындаған жастықтарын Гауһар Жалғасбайқызы өздеріне сыйлыққа ұсынды.
Балалармен қызықты әрі пайдалы сабақ өткізген Гауһар Жалғасбайқызына алғыс айтамыз!