2024 жылдың 16 қазан күні Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп - интернат - колледж» кешеніне Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы Даржанова Анар Нұрлыбекқызы, «СНПС - Ақтөбемұнайгаз» АҚ Қауіпсіздікті үйлестіру жөніндегі бас инспекторы - «СНПС - Ақтөбемұнайгаз» АҚ Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бастауыш ұйымының төрағасы, «Аманат» партиясынан сайланған №12 сайлау округінің Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты - Сақтағанов Абай Дидарұлы, «СНПС - Ақтөбемұнайгаз» АҚ Әкімшілік департаментінің Тіл саясаты және аудармалар бөлімінің бастығы - Тұрғанбаева Күләнда Құттымұратқызы келіп, мекемемен танысты. Мектеп әкімшілігімен білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларға жан - жақты қолдау көрсету мәселелерін талқылады. Мектеп - интернат - колледжге ізгі ниетімен қайырымдылық көрсеткен Сақтағанов Абай Дидарұлы және Тұрғанбаева Күләнда Құттымұратқызына білім алушылар мен мектеп ұжымы атынан Алғыс білдіреміз.
https://sch.edu.kz/kz/247/899-keleli-m-seleler-tal-ylandy.html#sigFreeIdb5eb83eeed