16.10.2024 күні колледж студенттеріне “Энергия қуатын үнемді тұтыну” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты:

  1. Оқушыларға энергия ресурстарының маңыздылығы мен шектеулілігін түсіндіру.
  2. Энергияны үнемді тұтыну, қоршаған ортаға зиян келтірмеу туралы түсінік қалыптастыру.
  3. Энергияны үнемдеудің күнделікті өмірдегі маңызы мен әдістерін көрсету.
  4. Оқушылардың экологиялық сана - сезімін ояту және жауапкершілікті арттыру.
  5. Энергия қуатын тиімді пайдалану туралы кеңес беру.

Сабақ барысында студенттерге энергия, энергияның түрлері (электр энергиясы, жылу энергиясы, жаңартылатын энергия көздері), энергияның шектеулігі мен оған сұраныстың артуы, энергия көздерінің табиғатқа әсері: климат өзгерісі, парник газдарының әсері туралы түсіндірілді.

Студенттер "Үйде энергияны қалай үнемдеуге болады?" "Энергия үнемдеу үшін қандай құрылғыларды қолдануға болады?" деген сұрақтарға жауап берді.

Сабақ соңында энергия үнемдеудің күнделікті өмірдегі әдістері туралы кеңестер берілді:

  • Жарықты пайдалану тиімділігі.
  • Энергия үнемдеуші құрылғылар мен лампаларды қолдану.
  • Электр құралдарын қосудан кейін өшіріп қою.
  • Температураны үнемдеу (жылыту, салқындату).
  • Құрылғыларды ұзақ уақыт пайдаланбағанда өшіру.