Судағы қауіпсіздік - әр адам үшін өте маңызды тақырып. Жаз айларында суға түсу, демалу көпшіліктің сүйікті ісіне айналады, бірақ ол өзімен бірге қауіптерді де әкеледі. Алдымен, жүзу алдында су айдындарының қауіпсіздігін тексеру керек: тереңдігі, су ағысы, ластануы мен ауа райы жайлы ақпарат жинау қажет. Балалар мен тәжірибесіз жүзушілер үшін суға жалғыз түсу қауіпті, сондықтан әрқашан ересектердің бақылауында болу қажет. Су астында тұрып қалу, құтқару қызметтерін дер кезінде шақыру да маңызды. Сонымен қатар, өмірлік маңызды құралдар - құтқару жастықшалары мен жилеттерді қолдану қажет. Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Оқушыларға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы түсінік қалыптастыру мақсатында 6 “а” класында “Судағы қауіпсіздік” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Міндеттері:
1. Судағы кездейсоқ оқиғалардың себептерімен танысу.
2. Өз өмірімізге және айналадағыларыңызға жауапкершілік сезімін дамыту.
3. Оқушылардың бойында сақтық пен суда өзін ұстауда ұқыптылыққа тәрбиелеу.