Қазіргі таңда цифрлық әлем бізді түрлі мүмкіндіктермен таныстырып қана қоймай, жаңа қауіптермен де бетпе - бет келтіреді. Интернетке кірген сайын біз өзіміздің жеке ақпараттарымызды, қаржылық деректерімізді және тіпті жеке өмірімізді қорғауға тиіс боламыз. Бұл әлемде қауіпсіз қадамдар жасау, балалар мен жасөспірімдерге интернетте қауіпсіз болу ережелерін үйрету маңызды.

Интернеттің кеңістігі балалар үшін қауіпті болуы мүмкін, себебі олар кибербуллинг, қорлау, теріс ақпарат және зорлық - зомбылыққа ұшырауы ықтимал. Сондықтан ата - аналар мен мұғалімдер балаларға интернеттің дұрыс қолдану жолдарын көрсетуі тиіс. Олар онлайн әлемде дұрыс әрекет етіп, өздеріне қандай мазмұнды қабылдауға болатынын түсінуі керек. Ақпаратты тексеру және оны сын көзбен бағалау маңызды. Интернетте көп мөлшерде жалған ақпарат, фейк жаңалықтар және манипуляциялар бар. Сондықтан кез келген ақпаратты тексеріп, сенімді көздерден алуға тырысу керек.

Цифрлық әлемнің қауіпсіздігі әркімнің өз қолында. Егер біз жеке мәліметтерімізді қорғап, дұрыс ақпаратты қабылдап, интернетте дұрыс жүріп - тұруды үйренсек, онда осы әлемді қауіпсіз әрі тиімді пайдалануға болады. Осылайша, цифрлық әлемде қауіпсіз қадамдар жасау арқылы біз өзімізді және жақындарымызды қорғап, сандық технологияларды тек пайдамызға қолдана аламыз.

Осы және өзге ақпараттарды түсіндіру және оқушыларға цифрлық әлем туралы ақпарат беру, цифрлық әлемді қауіпсіз қолдануға үйрету мақсатында бастауыш буын тәрбиешілері «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» медиақауіпсіздік сабағын өткізді.