Ұстаздар күні - білім беру саласында қызмет ететін ұстаздарға құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалау мақсатында атап өтілетін мереке. Қазақстанда Ұстаздар күні әр жылы қазан айының бірінші жексенбісінде тойланады. Бұл күн ұстаздардың білім беру, тәрбие жұмысына қосқан үлесін мойындап, олардың қоғамдағы ролін ескере отырып, қоғамның әрбір мүшесіне ұлы тұлғалардың маңызын еске салатын айрықша күн деп айтуға болады.

Атаулы мереке қарсаңында Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінің оқушылары ұстаздарын құттықтады. Ұстаз қандай құрметке де лайықты. Шәкірт жүрегіне жол таба білген жандарға құрмет көрсету - қоғамның білім мен тәрбиені жоғары бағалайтындығының көрсеткіші. Ұстаз - әр адам үшін тек білім беруші ғана емес, өмірге бағыт-бағдар көрсетуші, болашақтың кемел тұлғаларын қалыптастырушы тұлға. Сондықтан ұстазға құрмет әрбір адамның борышы болып саналады.