2024 жылдың 27 қыркүйегінде ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫММЕН «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ - ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» тақырыбында жиналыс өткізілді.
Күн тәртібіндегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру мәселесі бойынша мектеп - интернат - колледж директоры Г.Шакенова жан - жақты талдау жасады.
Педагогтар тек ақпарат алмасып қана қоймай, ой - пікірлерін ортаға салды. Әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік шараларына басты назар аудару, қауіпсіздік сағаттарын өткізу, ата - аналармен ынтымақтастықты одан әрі жүйелі жалғастыру мәселелері талқыланды.