25 қыркүйек күні тіл онкүндігіне байланысты коррекциялық бағыттағы әдістемелік бірлестігінің педагогтері 4-7 сынып оқушылары арасында “Тіл - достықтың кілті” атты зияткерлік ойын ұйымдастырды.
Оқушылар тыңдап, ойланып, сұрақтарға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жауап берді.
Сондай-ақ, ана тілі туралы өлеңдерді мәнерлеп оқып, ән айтып, би биледі.
Ертегілер әлеміне саяхат жасай отырып, түрлі тапсырмаларды қызығушылықпен, белсене орындады.