1 қыркүйек күні Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп - интернат - колледж” кешенінде алғашқы қоңырау мерекесіне арналған “Мектебім - мейірім мекені” атты салтанатты шара өткізілді. Шараға оқушылар мен олардың ата - аналары, мектеп педагогтары қатысты. Мектеп директоры Г.Шакенова 2024 - 2025 жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тіледі. Сондай - ақ, мектеп табалдырығын аттаған 1 - класс оқушыларына әлеуметтік серіктесіміз «Халық банкі» АҚ дайындаған сыйлықтарды табыс етті. Қалалық Қазақ саңыраулар қоғамы Мәдениет үйінің «Мы Вас любим» клоунада театрың әртістері балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Мектептің өнерлі оқушылары - халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы «Аяла» тобы және Амангельдиев Әмірбек құттықтауларын әнмен жеткізді. Шара соңында 1 класс оқушылары Жұматай Ибрахим және Давыдова Вероника алғашқы қоңырау соғып, салтанатты шара мәресіне жетті.
https://sch.edu.kz/kz/247/847-mektebim-mejirim-mekeni.html#sigFreeIdb31bece90b