14.06.24 ж. «Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені» КММ-де 10 сынып түлектеріне негізгі орта білім алу туралы төлқұжат - аттестаттарын табыстауға арналған салтанатты жиын өтті.

Түлектеріміздің қуанышты сәтін бөлісуге мектеп ұстаздары, ата-аналары мен туыстары қатысып, әкімшілік тарапынан түлектерге салтанатты түрде құжаттары табысталды. Мерекелік шара ән-күймен жалғасып, 10 жыл бойы балаларының білім мен тәрбие алған мектебі мен ұстаздар қауымына ата-аналар алғысы шексіз болды. Салтанатты жиын соңында түлектер өз ұстаздары, ата-аналары, сыныптастарымен естелік суреттерге түсіп, мерекелік шара өз мәресіне жетті.