Мектеп-интернат-колледжден 20 жыл бұрын білім мен тәрбие алып, түлеп ұшқан 2004 жылғы түлектер келіп, ерекше есте қаларлық кеш өтті. Түлектер балалық шақтарын еске алып, білім берген ұстаздарына ән арнап, шынайы жүрекжарды алғыстары мен ақ тілектерін жаудырды. Сонау бір жылдардағы тұлымдары желбіреген балақайлардың бірнеше жылдар өте келе, өмірден өз жолдарын тауып, қазір қоғамға белсенді тұлғалар болғаны қуантты: бірі - кәсіпкер, бірі – ұстаз, бірі – спорт шебері, әрқайсысы бір-бір шаңырақтың тұтқасын ұстап отырған отағасы мен отанасы. Кезінде осы білім ордасынан бастау алған оқушыларымыздың жеткен жетістіктері мен ұстаздар жемісі осындай көңіл толқытарлық әдемі сәтте барша ұстаздар қауымын бей-жай қалдырмады, әрине. Олар биылғы түлектерімізге жақсы тілектер айтып, болашақ өмірлеріне сәттілік тіледі.
https://sch.edu.kz/kz/247/831-t-lekter-kezdesui.html#sigFreeId7f041c4915