2024 жылдың 24 мамыр күні білім ордамызда «Мектебім, саған мың алғыс!» атты түлектерге арналған соңғы қоңырау салтанаты өтті. Салтанатты жиынға мектеп бітіруші түлектер, ұстаздар, ата-аналар қатысып, мерекелік шара түлектеріміздің ұстаздарына арнауы, ән-шеруі, мектеп вальсі, әкімшіліктің, ата-аналардың, ұстаздардың құттықтау тілектерімен жалғасты. Сонымен қатар, ата-аналар балаларының білім алған мектебі мен ұстаздарына аналық алғыстарын білдіріп, шара барысында фотогалерея арқылы түлектеріміз балалық шақтарын еске алды. Мерекелік салтанат олар үшін соңғы рет сыңғырлаған қоңырау үнімен аяқталды.
View the embedded image gallery online at:
https://sch.edu.kz/kz/247/830-so-y-o-yrau-saltanaty.html#sigFreeIdab9c058922
https://sch.edu.kz/kz/247/830-so-y-o-yrau-saltanaty.html#sigFreeIdab9c058922