2024 жылдың 24 мамыр күні «мектеп-интернат-колледж» кешенінің бастауыш класс оқушыларына «Білімім - Отаныма» тақырыбында оқу жылының қорытынды тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты: оқушылардың білім туралы түсініктерін кеңейте түсу, білімнің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы, білім, ғылым жаңалықтарымен танысу. Оқушыларды ана тілін сүюге қанаттандыру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі өнеге алуға баулу, ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу.

Тәрбие сағатына сынып мұғалімдері, оқушылар мен ата-аналар қатысты. Шара еліміздің Әнұранымен басталды. Шара барысында тақырып туралы үш жақта ой толғатып, әңгіме-дебат ұйымдастырылды.

Тәрбие сағатының соңында класс жетекшілері оқу жылының қорытындысына талдау жасап, оқушыларды жетістіктерімен, ата-аналарды белсенділіктерімен құттықтап, Алғыс хаттармен марапаттады.