Педагогтар сенбілікке қатысты Қаламызда басталған бір айлық тазалық акциясына «мектеп-интернат-колледж» кешенінің педагогтары дер кезінде атсалысты. 13 сәуірде эстетикалық және кәсіптік білім мен жоғары буын тәрбиешілері сенбілік жұмыстарын жүргізсе, сәуірдің 20-да жаратылыстану бағытындағы бірлесмтік мұғалімдері және орта буын тәрбиешілері мектеп ауласын тазалауға белсене атсалысты. 27 сәуір күні коррекциялық бағыттағы пәндер және гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері сенбілік жұмыстарына атсалысты. 11 мамырда есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балалардың бастауыш класс мұғалімдері және тәрбиешілері сенбілік тазалық жұмыстарына қатысып, мектеп ауласын абаттандыру жұмыстарын жүргізді. 18 мамыр күні де республикалық «Таза қала» акциясы аясында сенбілік өткізілді. «Күшіміз бірлікте», « Біз бірге тазалық орнатамыз» ұранымен көше, мекеме ауласы тазаланды.
https://sch.edu.kz/kz/247/824-pedagogtar-senbilikke-atysty.html#sigFreeIdf3c967f16a