Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп - интернат-колледж” кешенінде 9 мамыр - Жеңіс күніне арналған тәрбие сағаттары өткізілді. Балаларды адамгершіліке, Отанын сүюге,қорғауға баулу мақсатында өткізілген сабақтарға оқушылар белсене қатысты. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы майданында қаза тапқан батырларымызды еске алуға материалдар ұсынылды.
Бұл күндері тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілеті мен жеңістің ұрпағы ұмытпайтын ерлігі ұлықталды. Ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, Отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттері дәріптелді. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу - басты міндетіміз.
https://sch.edu.kz/kz/247/810-zhe-is-k-nine-arnal-an-t-rbie-sa-attary-2.html#sigFreeId610ea0eef1