Оқушыларды туған елін, жерін Отанын, тілін, мәдениетін құрметтеп ,патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде тақырыптық тәрбие сағаттары өтті. Сабақ барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы, егемендігімізді күзетуге олардың маңызы жайлы терең мағлұмат берілді.