“Қыз бала – болашақ ана ” атты дөңгелек үстел 2024 жылдың 10 сәуір күні Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп- интернат- колледж» кешенінің “Сымбат” қыздар клубы, яғни 7-10 сынып оқушылары және колледж студенттері арасында “Қыз бала – болашақ ана ” атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел мақсаты: Қыз баланың құндылығын және болашақ ана ұғымын түсіндіру. Дөңгелек үстел мектеп-интернат-колледжінің психолог, әлеуметтік педагог қатысымымен болды. Жиында қарастырылған мәселелер қазақ қоғамындағы қыз бала маңыздылығы, болашақ ана ұғымы туралы түсінік, қыз баланың бойындағы қасиеттер, болашақ ана қандай болу керек екендігі жөнінде қозғалды. Дөңгелек үстелде сұрақ-жауап арқылы тақырып ашылып кейіннен әр түрлі психологиялық ойындар ойнатылумен жалғасты, студенттер мен оқушылар арасында топқа бөліну арқылы постер қорғалып, қатысушылар ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел мақсаты айқындалды, қатысушылардың көзқарастарын білуге мүмкіндік туды. Шара нәтижесінде “ Қыз бала – болашақ ана” ұғымы туралы оң ақпараттар мен жаңа түсінік қалыптасты.
https://sch.edu.kz/kz/247/807-yz-bala-bolasha-ana.html#sigFreeId9787e14d41