Орта буын тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен “Табиғат ғажайыптары”тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. 5 - 8 класс оқушылары табиғат туралы ой қиялдарын ақ қағазға түсіріп, түрлі суреттер салды.

Туған жер табиғатына сүйіспеншіліктерін арттыру, табиғаттағы сұлулықты көре білуге,экологиялық мәдениетті қалыптастыруға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шарада балалар белсенділік танытты.