Орта буын 5 - 8 класс оқушыларына1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын үлгі етіп, әр халықтың салт - дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт - саналарынан хабардар ету, балалардың өз ойларын ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, тақырып мазмұны бойынша білімдерін бекіту.

Тәрбиешілер У.Б. Мендикулова мен Г..К. Балмагамбетова  балаларға мерекенің мазмұнына сай мағлұмат беріп, қызықты ойындар мен тапсырмалар орындатып, балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлады.