23.04.24ж. жоғарғы буын оқушылары мен колледж студенттеріне “Отбасы бақыты ол....” тақырыптық апталық аясында тәрбиеші Б.Қыдыралина “Өнегелі отбасы” тақырыбында отбасылық сайыс ұйымдастырды.
Мақсаты: Келешек ұрпақтың көрегенді, тәрбиелі де әдепті болуын алдын-ала ойластыру; ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайту; отбасылық тәрбиедегі тәжірибемен өзара бөлісу; ұлттық құндылықтарды балаларға өнеге тұту; білім мен тәрбиені ұштастыру.
Сайысқа 3 отбасы балаларымен қатысты. Сайыс шарттарына сай отбасылар өз білімдерімен, өнерлерімен өзара жарысып, бала тәрбиесі, отбасылық тәрбиеге қатысты жағдаяттық сұрақтарға жауап беріп, тірек схемалар құрап, отбасылық, ата-аналық тәрбие тұрғысында тәжірибелерін ортаға салды. Сайыс барысы, әсем әнмен, көрермендерге арналған сұрақтармен жалғасып, әділқазылар алқасы сайысқа қатысқан отбасыларды бағалады.
“Өнегелі отбасы”, “Білімді отбасы”, “Өнерлі отбасы” номинацияларын иелеген отбасылар дипломдар және сыйлықтарын мараратталды. Өнегелі шарадан оқушылар да, қатысқан ата-аналар мен көрермендер де өздері үшін пайдалы ақпараттар алып, жақсы көңіл-күйде тарқасты.