2024 жылдың 2 сәуір күні Ақтөбе облыстық арнайы  «мектеп- интернат-колледж» кешенінің “Сымбат” қыздар клубының мүшелері,  яғни 7-10 сынып оқушылары және колледж студенттері арасында “Ерте жастағы жүктілік қатері ” атты жиналыс өткізілді.

Жиналыс мақсаты:

Оқушыларға және студенттерге ерте жүктілік ұғымын таныстыру, алдын алу шараларын мәлімдеу, қауіптілігін түсіндіру.

Жиналыс  мектеп-интернат-колледждің дәрігері  Ардак  Маратовна  Ескалиева және ”Сымбат “ қыздар клубының жетекшісі Ақерке Бөгенбайқызы Смағұлдың  қатысымымен болды.

Жиналысқа қатысушы қыз балаларға тақырыпқа сай слайд және бейне ролик көрсетіліп, ақпараттар берілді, ашық сұхбат жүргізу арқылы сұрақ-жауап түрінде сауалнама алынды. Қыз балаларға алдын ала сақтану ережелерін мектеп дәрігері түсіндіріп толық мәлімет берді.