Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы бойынша 20 наурыз — Ұлттық спорт күніне орай «Ақтөбе облыстық арнайы "мектеп - интернат - колледж" кешені» КММ оқушылары арасында Ұлттық ойындарымызды насихаттау мақсатында мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімдерінің ұйымдастыруымен жарыс өткізілді. Оқушылар ұлттық ойынның төрт түрінен өзара жарысты. Асық ату, қол күресі, қазақша күрес және бес тас ойыны бойынша сынға түскен оқушылар жарыстың соңында марапатталды.