20.03.2024ж орта буын тәрбиешілері Мендикулова У. Б мен Балмагамбетова Г.К. ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша «Әр нәрсенің өлшемі бар» тақырыбында жиналыс өткізді.
Мақсаты: жасөспірімнің қажеттіліктері мен қалаулары, олардың бойындағы қиын мінез-құлық белгілері, жағымсыз эмоциямен жұмыс істеу алгоритмі, өзін өзі реттеу жолдарымен, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары жайлы пікірлесу, ой бөлісу, жан-жақты бала тәрбиесінің дамуына үлес қосу.
Ұйымдастырылған шара барысында ата - аналар белсенділік танытып, сұрақ-жауап әдісі бойынша ашық пікірлесу орын алды. Тренинг пен ситуациялық жағдаяттарды шешуде шеберлік таныту арқылы ұтымды ойларын ортаға сала білді.