2024 жылдың 14 наурызында “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығында филиал аға оқытушысы Г.Сеткерееваның жетекшілігімен “Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік бағдарламасының мазмұнын меңгеру” тақырыбында семинар өтті. Аталған семинарға Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат колледж” кешенінің мектепке дейінгі топ тәрбиеші, дефектологтары Б.К. Байтюбетова, А.А. Койшибанова, Б.М.Байбатша қатысып, жұмыс барысындағы өз тәжірибелерімен бөлісті.