Бастауыш буын оқушыларына арналған жол қауіпсіздігі ережелерінің жоспары бойынша 3«А» класс тәрбиешісі А.Жетібаева «Бала мен бағдаршам» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Оқушылар жол ережелерін еске түсіріп, бағдаршамның негізгі белгілері мен ескерту белгілерін танып білді. «Бағдаршам» сергіту сәті балаларға қатты ұнады. Қызыл көзі жанғанда отырып, сары көзі жанғанда тұрып, жасыл көзі жанғанда жүру арқылы балалар бағдаршамның басты міндетін түсінді. Балалар сұрақтарға жауап беріп бағдаршамды бейнеледі.