1 наурыз - Алғыс айту күніне орай 5 - 8 класс оқушыларына орта буын тәрбиешілері «Шын жүректен, мың алғыс!» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағатын өткізілді. Мақсаты: оқушылардың отбасына, ата - анаға, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту; алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір - бірімен үйлесімді қарым - қатынас жасай білуге үйрету; елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт - дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру және бейбітшілік пен татулықта өмір сүруге тәрбиелеу. Тәрбие сағатының соңында оқушылар шығармашылық жұмыстары арқылы өз алғыстарын жолдады.