2024 жылдың 21 ақпан күні көру қабілетінде бұзылыстары бар 0 - 4 класс оқушылар арасында “Мектеп ішіндегі ережелер” атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты:
Мектеп оқушыларына мектептегі ішкі тәртіп туралы түсіндіру және сақтауды ұғындыру.

Тәрбие сағаты барысында оқушылар үшін арнайы видео көрсетіліп, оқушылардан мектептің ішкі тәртібі ұғымы туралы не білетіндіктері туралы сұралды. Арнайы слайд арқылы оқушыларға мектеп ішіндегі ережелермен тәртіп , әдеп туралы терең түсіндірілді. Және де тәрбие сағатын қорытындылау мақсатында оқушыларға “Дұрыс шешім” атты ойын ойнатылып, оқушыларға біраз мағлұмат берілді.