Экологиялық білім және тәрбиені дамыту жөніндегі жоспар бойынша тәрбиеші А.Жетібаева 20 ақпан күні бастауыш буын оқушыларына “Су – өмірдің нәрі” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Сабақ құрылымы оқушылардың қабілетіне қарай қызықты құрастырылған. Жалпы экология туралы, қоршаған орта, табиғат жайында шағын түсініктеме бере отырып дайындалған бейне үзінділер әрі қарай толықтыра түсті. Суды үнемдеу, ысырап жасамау туралы қызықты әңгімелер жүргізіліп, ойын ретінде сұрақтар қойылды. Барлық оқушылар жарыса жауап беріп, нақыл сөздерді талдап, іс- шараға белсене араласты.