Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп - интернат - колледж”кешенінің көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған кластар және бастауыш буын бірлестігі үшін “Ата - аналарды педагогикалық қолдау “бағдарламасы бойынша А.Балжанова және К.Айтуганова ата-аналармен ”Құмар ойындары - тәуелділік қақпаны” тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында балаларды компьютерлік тәуелділіктен сақтау шаралары туралы ақпарат беріліп, көңілді орта қалыптастыру мен сенімділік орнату мақсатында тренинг,ойындар орнатылды. Бейнебаян көрсетіліп,сұрақ-жауап арқылы ата-аналар өз ойларымен бөлісті.