“DОСБОЛLIKE” акциясы аясында орта буын тәрбиешілері “Болашақ аспазшы” атты аспаздық шоу шарасын 5-8 сыныптар арасында өткізді.
Аспаздық шоудың мақсаты: шарттарды орындау арқылы балалардың тағам дайындаудағы білімдері мен дағдыларын қалыптастыру; оқушылардың әлеуметтануына және дербес өмірге бейімделуіне ықпал ету; жауапкершілік, ұйымшылдық және бір-біріне құрмет, қамқор, дос болуға тәрбиелеу.

Шараға қатысушылар барлық тапсырмаларды ұйымшылдықпен, қызығушылықпен жоғары деңгейде орындап шықты. Мектеп психологтары залдағы отырған оқушылармен қызықты ойын жүргізді.
Шара соңында әділқазылар алқасы қатысушыларды номинация бойынша марапаттап, алғыс білдірді.

View the embedded image gallery online at:
https://sch.edu.kz/kz/247/695-aspazdy-shou.html#sigFreeId0ad0571579