2024 жылдың 2 ақпан күні Ақтөбе облыстық арнайы мектеп- интернат- колледж кешенінің “Сымбат” қыздар клубының мүшелері - 7-10 сынып және колледж қыз балалары арасында “Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу” тақырыбында жиналыс өткізілді.

Жиналыс мақсаты: Оқушыларға және студенттерге ерте жүктілік ұғымын таныстыру, алдын -алу шараларын мәлімдеу,жеке бас тазалығын сақтау туралы мәлімет беру. Жиналыс барысында Ақтөбе қаласының балалар гинекологы Есеркепова Алтын Сериковна келіп өз дәрісін жүргізді. Дәріс тақырыпқа сай жасалған слайд арқылы студенттер мен оқушыларға ұсынылды. Дәріс барысында ең алдымен жеке бас тазалығы қозғалды, ерте жүктілік туралы ақпараттармен бөлісті, оқушылар тарапынан қойылған, өздерін мазалап жүрген сауалдарын тыңдап, дәрігерлік кеңестерімен бөлісті. Студенттер мен оқушылар арасында тақырыпқа сәйкес пікірлерін білу мақсатында Google онлайн форматында сауалнама жүргізілді.