Соңғы уақытта өзге адамның әлеуметтік желідегі аккаунтын пайдаланып, қаржылай көмек сұрайтын алаяқтардың әрекеті күшейіп кетті. Мұндай алаяқтықтың құрбандары көбейген. Бұған дейін танымал тұлғалардың, әлеумет ік желі белсенділерінің жалған аккаунттарын жасау арқылы азаматтардан ақша сұрау жиі кездесетін болса, енді алаяқтар қарапайым азаматтарға да көшкен.Алаяқтық схемасы қарапайым: кез келген адамның әлеуметтік желідегі жалған аккаунты жасалады. Сол арқылы оның жақын туыстарына, достарына, не өзге таныстарына хат жазу арқылы белгілі бір банк картасына ақша аудару сұралады. Мұндай деректер әсіресе Telegram, Ватсап желілерінде көбейіп кетті. Осындай интернет алаяқтардан сақтандыру мақсатында колледж студенттеріне түсіндірме жұмысы жүргізілді.
https://sch.edu.kz/kz/247/684-alaya-tan-sa-tanajy.html#sigFreeIde295d5964b