Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп - интернат - колледж”кешені КММ - де жоғары және орта буын оқушылары мен колледж студенттеріне Ақтөбе қаласы прокуратурасы жасақтаған алаяқтықтың алдын алу бойынша 2024 жылға арналған ведомстволық өзара іс - қимыл жоспарына сәйкес қызметкерлер мен білім алушылар арасында алаяқтық қылмыстардан қорғану және оның алдын алу мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылып, соңғы кезде қоғамда алаяқтық қылмыстық іс - әрекеттерінің жиіленіп кету фактілері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы орайда, аталған алаяқтық әрекеттердің құрбаны болып қалмау үшін, сақтық шаралар мен әлеуметтік желілерде кеңінен таралып жатқан ақпараттар жайлы мәліметтер мен видеороликтер көрсетіліп, пайдалы кеңестер берілді.