«Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп - интернат - колледж” кешені" КММ көру қабілетінде бұзылыстары бар балалар арасында “Ертегілер еліне саяхат” тақырыбында әдістемелік апталық басталды.
2024 жылдың 30 қаңтар күні апталық аясында 0 - 3 класс оқушылары “Бауырсақ”ертегісіне қойылым көрсетті. Мақсаты: Балалардың сөздік қорын жетілдіру негізінде тілдік құзіреттілігін қалыптастыру. Түрлі рольдерді қабылдай білуге, бір - біріне құрметпен қарауға, татулыққа тәрбиелеу.
Қойылымда барлық оқушылар қамтылып, ертегі кейіпкерлерін шебер орындап шықты.