“ДосболLike” акциясы аясында жоғарғы буын оқушылары және колледж студенттерімен “Достық”-іскерлік ойыны ұйымдастырылды. Ойын барысында оқушылар мен студенттерге танымдық тапсырмалар, сұрақтар мен қызықты ойындар ұсынылып, оқушылар аса қызығушылықпен қатысып, тапсырмаларды орындауда жоғары белсенділік танытты. Ойын 2 командаға бөліну арқылы топтық жұмыс жасау әдісімен өтті. Оқушылар мен студенттер үшін іскерлік ойынның тапсырма сұрақтары оқу-тәрбие процесі, спорт, мамандық салаларынан, достық қарым-қатынас, ата-ана мен бала туралы, жағдаяттардан қойылды. Қездесу соңында оқушылар ойын барысындағы берілген тапсырмалардың олар үшін өте қызықты болғанын айтып, өз пікірлерін білдірді. Оқушылар ойын соңында “Достық жеңді”деген ұранмен, қатысқан ойыннан алған әсерлерін, көңіл-куйлерін: “Ойын өте ұнады, қызықты өтті, ойынға қатысқаным үшін қуаныштымын,сізге рахмет “-деген сөздермен,өз пікірлерін парақшаларға жазу арқылы білдіріп, достық туралы әдемі сөздермен іскерлік ойын өз мәресіне жетті.Жауаптылар:.Кыдыралина Б.Ж,.Бимағанбетова Д.З