25.01.2024 күні “Бала тәрбиесі үшін жауапты отбасы ма, әлде мектеп пе?” тақырыбы бойынша С.Ермағанбетованың ұйымдастыруымен ата - аналарға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Іс - шараның басты мақсаты: ата - ананың бала тәрбиесінде ерекше орын алатындығын түсіндіре отырып, ұстаздармен әрқашан байланыста болып, баланың тәрбиесіне бірігіп жауапкешілікпен қарау. Әңгіме барысында оқушының қабілеті, денсаулығы, қызығушылығы талқылана отырып, мектеп бітірген соң, мамандық таңдауларына бағыт - бағдар беру керектігі жайында сөз етілді. Ата - аналар өз пікірлерін жеткізе, талдай отыра, балаларының қалаулары бойынша мамандық алуларына барынша көмектесетіндіктері туралы айтып берді. Мектеп психологтары М.Момышева мен А.Шакебаева тренинг өткізіп, қатысушыларды бір сергітіп тастады. Келген ата - аналарға алғыс айтылды.