2024 жылдың 17 қаңтарында орта буын тәрбиешілері әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен 5-8 сыныптар арасында “Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері” тақырыбында түсіндірме сабағы  өтті. Сабақ барысында оқушыларға қыс мезгілінің өзгерістері жайлы, қыс мезгілінде болатын қолайсыз жағдайлар туралы, одан сақтану керек екені туралы ақпарат берілді. Тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіліп, сұраққа жауап алынды. Барлық оқушылар белсенділік көрсетіп, жақсы қатысты.