Мектебімізде желтоқсанның 26-сында орта буын оқушыларына жаңа жыл мерекесі өткізілді. Мереке қарсаңында мектеп акт залы әсем безендіріліп шырша құрылды. Мерекенің өтуіне 5-8 сынып оқушылары белсене қатысты. Мерекелік бағдарлама барысында жаңа жылдық әндер шырқалып, көңілді флешмоб өткізілді. Оқушылар қызықты ойындар ойнап би биледі. Аяз Ата мен Ақшақар оқушыларға арнайы тәтті сыйлықтар таратып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.