Қазақстан
Республикасы
Оқу-ағарту
министрінің төрағалығымен
04.09.2023 жылы өткен №28
кеңестің хаттамалық тапсырманың 2.4. тармағын орындау мақсатында Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені КММ білім беру ұйымында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарын» ашу туралы бұйрық шығарылып, «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КеАҚ Ғылыми-әдістемелік Кеңесінің 15.08.2023 жылғы №4 хаттамасымен бекітілген ата-аналарға педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік нұсқау хат пен бағдарламасы ата-аналармен сауалнама өткізіліп, Орталықтың ашылу мақсаты: ата-аналарға педагогикалық дәрістер беріп, баламен қарым-қатынаста психологиялық, бағыт-бағдар береді. Сынып жетекшілерінің, педагог-психологтердің, әлеуметтік педагогтердің және қосымша білім педагогтерінің мектеп – ата-ана қарым-қатынастарының жаңа түрлерін іске асыру және мектеп пен отбасының толықтай өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бойынша
қызметтерін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады. Орталықтың қызметі: балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналардың және балалардың басқа да заңды өкілдерінің құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Орталықта ата-аналар интерактивті режимде балаларымен нақты позитивті қарым-қатынас жасауды, олардың психологиялық, эмоционалдық
жағдайын түсінуді үйренеді, бұл балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы сияқты күрделі мәселенің туындамауына көмектеседі. Білімалушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша оқу орнының ата-аналарымен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту.
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» әдістемелік ұсынымдарға 1-қосымшада баяндалған ата-аналарға арналған сабақтардың ұсынылатын бағдарламасын басшылыққа алады, мектеп пен отбасының толықтай өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Ұсынылатын бағдарламаға сәйкес оқу жылына арналған сабақ кестесін құрады. Педагогикалық қолдау бағдарламасы жылына сегіз сабақты қамтиды. Сабақтардың (басқа да іс-шаралардың) мазмұны орта білім ұйымдарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасына» және балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес олардың әл-ауқаты контексіндегі ұлттық құндылықтарға негізделеді.
Сабақтар әртүрлі әдіс-тәсілдерді практикумдер, тренингтер, іскерлік ойындар, пікірталастар, талқылаулар және т.б.) өткізілуі мүмкін.
