2023 жылдын 29 қарашасында ата-аналарды педагогикалық
қолдау бағдарламасы аясында жоғары сынып және колледж
студенттерінің ата-аналарымен “Көркем мінез – баға жетпес
байлық” тақырыбында шара өтті.
Мақсаты: ата-аналардың эмоционалды құзыреттілігін,
өзіндік сана-сезім, өзін-өзі реттеу, эмпатия және қарым-қатынасты
реттеу дағдыларын дамыту.
Шара
барысында ата-аналармен талқыланған екінші
тақырып «Тәрбиенің ең тамаша ортасы - Отбасы». Ата-аналар
кездесу барысында сауалнамаларға, ситуациялық сұрақтарға жауап
беріп, белсенділік танытты. Тәрбиеші Д.М.Қибашева отбасындағы
бала тәрбиесі, мінез-құлықтарындағы өзгерістер, өтпелі кезеңге
тоқталып, қысқаша баяндама оқып, жағдаяттар ұсынды, келген ата-
аналар жағдаяттардан шығудың түрлі жолдарын айтып, өз
пікірлерімен бөлісті, бала тәрбиесі жолында бстарынан өткен
жағдайларға тоқталып, өз балаларының бала күнгі мінездері мен
қазіргі ер жеткен тұстағы мінездерін салыстыру тұрғысында
мысалдарын айтып, ой бөлісті. Кездесу барысында жас маман
Т.Б.Мамбеткулова
өмірдегі отбасылық құндылықтар туралы
ерекше тренингтерімен жалғастырып, ата-аналар керемет көңіл-
күйге бөленіп, арты жылы лебіздерге ұласты.