19.09.23ж. Тіл онкүндігі аясында орта буын тәрбиешілері әдістемелік бірлестігінің тәрбиешілері “Тіл- татулық тірегі” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушыларға халқының қадір қасиетін меңгертіп, әдемі сөйлеуге баулу, қасиетті ана тілін құрметтеу, қастерлеуге тәрбиелеу; таза,анық сөйлеуге үйрету. Тақырып бойынша оқушылар өлең шумағын оқып, сұрақтарға жауап берді. Орта буын оқушылары сабаққа қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты.