Өмірге құштар жан, талантты, еңбекқор Жанат Жалғас тыныштық әлемінде зулаған заман талабына сай, мүмкіндігі шектеулі бола тұра, дені сау адамдармен етене араласқан өмірдегі еңбек жолында жемқорлық әрекеттерге кезігіп көрді ме және кезіккен жағдайда онымен қалай күресті, күресе алды ма, қандай әрекет етті? Осы сияқты түрлі сауалдарға жауап беру үшін 14.09.2023ж. жоғарғы сынып оқушылары және колледж студенттерімен ЗУМ желісінде онлайн-кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Жалғас Жанат оқушыларымызға өз өмірі, өмірбаяны, отбасы, еңбек жолындағы жолыққан адамдар, кездескен жағдайлар, қиындықтар мен жетістіктері туралы баяндады. Кездесуге қатысқан оқушылар Жалғас Жанатқа түрлі сауалдар қойып, өздерін қызықтырған түрлі сұрақтарға жауап алды.