1937-1939 жылдар аралығында қазақтың бас көтерер зиялысының көпшілігі қуғын-сүргін құрбанына айналды. Сол кездегі қатігез саясат нәтижесінде олардың отбасылары мен балалары, жақындары да жазықсыз жапа шекті. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, 1993 жылы 14 сәуірде "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" ҚР Заңы қабылданды. Елдің қамы үшін құрбан болған ардақтылар ақталды.

Қазақ даласына келген нәубетті жылдардың қасіретін түсіндіріп, тарихқа шолу жасау арқылы зиялылардың ел үшін еткен еңбектерімен таныстыру мақсатында 2023 жылдың 29 мамырында А0т-бе облысты0 арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде"Тарихқа тағзым" атты класс сағаттары өтті. Сабақ барысында оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп, ым- ишара арқылы түсіндірілді.