Жыл сайын 15 мамырда бүкіл әлемде Халықаралық Отбасы күні атап өтіледі. Бұл мереке 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының бастамасымен әр түрлі елдердің жұртшылығының назарын отбасылық мәселелерге аудару үшін құрылды.

Адамның өмірі отбасынан басталады, мұнда оның азамат ретінде қалыптасуы жүреді. Отбасы – сүйіспеншіліктің, сыйластықтың, ынтымақтастық пен сүйіспеншіліктің қайнар көзі. Бала болашағы үшін отбасының берік болуы өте маңызды. Отбасында бала адамдар арасындағы қарым-қатынастың құпияларын түсінуге, махаббат пен қамқорлықты үйренуге үйренеді. Отбасы арқылы бір ұрпақтан екінші ұрпаққа даналық пен білім беріледі. Отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында  Ақтөбе облыстық арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені КММ -де Халықаралық Отбасы күніне орай бірнеше шаралар өткізілді.

Отбасы құқығы, отбасы қатынастары ұғымын түсіндіру;
I-II-курс студенттеріне отбасы тәрбиесінде ой салу, ата - ананың отбасы тәрбиесіндегі сауаттылығын көтеру және жасөспірімдердің теріс жолға түсуіне жол бермеу мақсатында 2023 жылдың 11 мамырында "Отбасы қайнар көздері мен қағидаттары" тақырыбында колледж мұғалімдері мен студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде психолог мамандар тренинг жүргізді. Қонақ ретінде шақырылған көп балалы ана Биканым Маликовна мен Гульмира Имангалиевна отбасы құндылықтары туралы сыр шертіп, жиналғандармен ашық әңгіме алаңын құрды. Студенттер өз ойларын ортаға салып, шараның қызықты өтуіне атсалысты.

 

Бастауыш буын тәрбиешілері оқушылармен "Отан отбасынан басталады" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты барысында Отан сөзінің мағынасын түсіндіре келе, отбасы кімдерден құралатынын, олардың үлкен кішілігіне қарай қалай аталатыны түсіндіріліп, отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлау керектігі туралы айтылды. Оқушылар өз отбасы мүшелерін қағаз бетіне бейнелеп, түрлі қызықты суреттер салды.

Бейнелеу  өнері үйірмесінің жетекшісі Т.А.Амиргалиев үйірмеге қатысушы оқушылардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырды

Оқушыларға қоғамдағы отбасы жөнінде түсінік беру, отбасы тәлім-тәрбиенің негізі екенін ұғындырып, мектеп пен ата-ананың байланысын арттыру және баланың тұлға ретінде қалыптасуында отбасының рөлі маңызды екенін ұғындыру , отбасындағы мүшелерді сыйлауға тәрбиелеу мақсатында Отбасы күніне орай бастауыш буын тәрбиешілері әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен ата-аналар және балалармен бірге табиғат аясына серуенге шықса,  орта буын оқушылары тәрбиешілері және ата-аналарымен бірге қаламыздағы Юрта паркіне барып, көңіл көтеріп қайтты. Түрлі ойын алаңдарында ойнап, өзара сайыстарға қатысты.. Отбасымен бірге балалар түрлі ойындар ойнады. Ата-аналарға отбасы бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екені туралы мағлұмат берілді. Ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жақсы көңіл күйде тарқасты.